Ainalayin.kz · мобильді қосымша

Ainalayin.kz қолданбасының құпиялылық саясаты

Осы Құпиялылық саясаты Google Play платформасында ru.codo.ainalayin пакет идентификаторы бойынша орналастырылған Ainalayin.kz мобильді қолданбасына қолданылады.

Соңғы жаңартылған күні: 22.04.2026

Мазмұны 14 бөлімдер

0. Қолданба мен оның иесін идентификациялау

  • Google Play платформасындағы қолданба атауы: Ainalayin.kz;
  • Қолданбаның идентификаторы (package name): ru.codo.ainalayin;
  • Қолданба иесі: «CODO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («CODO» ЖШС, LLP CODO);
  • Дербес деректерге қатысты мәселелер бойынша байланыс электрондық поштасы: support@codo.kz.

1. Анықтамалар

1.1. Осы Құпиялылық саясатының мақсаттары үшін келесі анықтамалар қолданылады:

1.1.1. «Қолданба иесі» — «CODO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

1.1.2. «Ainalayin.kz мобильді қолданбасы» (бұдан әрі — Қолданба) — мобильді құрылғыларда пайдалануға арналған, психологиялық-педагогикалық мониторинг, сүйемелдеу және пайдаланушылардың өзара іс-қимылы процестерін автоматтандыруға бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету;

1.1.3. «Пайдаланушы» — кәмелет жасына толған, заңда белгіленген тәртіппен әрекет қабілеттілігі шектелмеген немесе одан айырылмаған жеке тұлға, сондай-ақ Қолданбаны пайдаланатын заңды тұлға;

1.1.4. «Дербес деректер» — Пайдаланушыға немесе дербес деректердің өзге де айқындалатын субъектісіне қатысты мәліметтер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатқызылған қол жеткізу үшін пайдаланылатын есептік деректер (логин, пароль, псевдоним, пайдаланушы аты және т.б.);

1.1.5. «Есептік жазба (аккаунт)» — Пайдаланушыны сәйкестендіру және Қолданбаның функцияларына қолжетімділікті ұсыну үшін қажетті деректердің жиынтығы;

1.1.6. «IP-мекенжай» — Қолданбаға қол жеткізу үшін пайдаланылатын желідегі құрылғының бірегей желілік мекенжайы;

1.1.7. «Дербес деректерді өңдеу» — автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай, дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығы, оның ішінде дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою және жою арқылы құрту;

2. Жалпы ережелер

2.1. Пайдаланушының Қолданбаны пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу талаптарымен келісетінін білдіреді.

2.2. Пайдаланушы Қолданбада ұсынылған өзінің және/немесе үшінші тұлғалардың, оның ішінде Пайдаланушының кәмелетке толмаған балаларының дербес және өзге де деректерін осы Құпиялылық саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім береді, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ «Ақпараттандыру туралы» Заңына;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына;
  • Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне.

2.3. Осы Құпиялылық саясатының талаптарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Қолданбаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.

3. Құпиялылық саясатының нысанасы

3.1. Осы Құпиялылық саясаты Пайдаланушы тіркелу, авторизациялау, Қолданбаның функцияларын пайдалану кезінде, сондай-ақ Қолданбамен өзге де өзара әрекеттесу жағдайларында ұсынатын дербес деректерді жария етпеу және олардың құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қолданба иесінің міндеттемелерін белгілейді.

3.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы Қолданбадағы тіркеу және өзге де нысандарды толтыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды мемлекеттік дерекқорлардан және өзге де ақпараттық жүйелерден алуға келісімін білдіру арқылы ұсына алады. Бұл деректер мыналарды қамтуы мүмкін:

  • 3.2.1. пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын;
  • 3.2.2. жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
  • 3.2.3. байланыс телефоны
  • 3.2.4. электрондық пошта мекенжайын (e-mail);
  • 3.2.5. есептік жазба туралы мәліметтерді;
  • 3.2.6. қолданбаны пайдалану және тиісті сервистерді ұсыну үшін қажетті өзге де деректерді.

3.3. Қолданбаны пайдалану кезінде автоматты түрде техникалық деректер жиналып, өңделуі мүмкін, оның ішінде:

  • IP-мекенжай
  • пайдаланушының құрылғысы туралы мәліметтер;
  • операциялық жүйе туралы мәліметтер;
  • Қолданбаның нұсқасы туралы мәліметтер;
  • Қолданбаның жұмыс істеуінің техникалық журналдары;
  • қол жеткізу күні мен уақыты;
  • Қолданбаның дұрыс жұмыс істеуін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін қажетті деректер.

3.4. Техникалық ақпаратты жинау Қолданбаның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, қателерді диагностикалау, қауіпсіздік деңгейін арттыру, рұқсат етілмеген қолжетімділік пен теріс пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

3.5. Жоғарыда көрсетілмеген кез келген өзге де дербес ақпарат тиісінше сақталуға және қорғалуға жатады және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Құпиялылық саясатында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылуға жатпайды.

4. Пайдаланушының дербес ақпаратын жинау және өңдеу мақсаттары

4.1. Қолданба иесі Пайдаланушының дербес деректерін мынадай мақсаттарда пайдалануға құқылы:

  • 4.1.1. пайдаланушыны индентификациялау;
  • 4.1.2. Қолданбаның жекелендірілген функциялары мен ресурстарына қолжетімділікті ұсыну;
  • 4.1.3. пайдаланушымен кері байланысты орнату, оның ішінде Қолданбаны пайдалануға, қызметтерді көрсетуге, Пайдаланушының сұраулары мен өтініштерін өңдеуге қатысты хабарламаларды, хабарларды және сұрау салуларды жіберу;
  • 4.1.4. қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алаяқтықтың, рұқсат етілмеген қолжетімділіктің және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алу;
  • 4.1.5. пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау;
  • 4.1.6. пайдаланушының есептік жазбасын құру және оған қызмет көрсету;
  • 4.1.7. Қолданбаны пайдалануға байланысты мәселелер туындаған жағдайда техникалық және клиенттік қолдау көрсету;
  • 4.1.8. Пайдаланушының келісімімен оны Қолданбаның жұмысына қатысты жаңартулар, жаңа мүмкіндіктер, жаңалықтар, арнайы ұсыныстар және өзге де ақпарат туралы хабардар ету;
  • 4.1.9. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын орындау;
  • 4.1.10. Қолданбаның жұмыс істеуі және Пайдаланушыға тиісті сервистерді ұсыну үшін қажетті өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

5. Дербес деректерді өңдеу тәсілдері мен мерзімдері

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу заңды тәсілдермен, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай, өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, жүзеге асырылады.

5.2. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен берілуі мүмкін.

5.3. Дербес деректердің жоғалғаны, оларға заңсыз қол жеткізілгені, жария етілгені немесе дербес деректерге қатысты өзге де инцидент анықталған жағдайда, Қолданба иесі заңнамада және ішкі рәсімдерде көзделген ден қою шараларын қабылдайды.

5.4. Қолданба иесі Пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғалардың заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуінен, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, ұсынудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

5.5. Қолданба иесі мен Пайдаланушы өз міндеттері шеңберінде дербес деректерді өңдеуге байланысты туындауы мүмкін қолайсыз салдардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдайды.

6. Тараптардың міндеттемелері

6.1. Пайдаланушы міндетті:

  • 6.1.1. Қолданбаны пайдалану үшін қажетті дербес деректер туралы дұрыс ақпаратты ұсынуға;
  • 6.1.2. ұсынылған дербес деректер өзгерген жағдайда, оларды уақтылы жаңартып және толықтырып отыруға.

6.2. Қолданба иесі міндетті:

  • 6.2.1. алынған ақпаратты осы Құпиялылық саясатының 4-бөлімінде көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
  • 6.2.2. дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге және оларды заңды негіздерсіз жария етпеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Құпиялылық саясатында көзделген жағдайларды қоспағанда;
  • 6.2.3. пайдаланушының дербес деректерін қорғау үшін ақылға қонымды және жеткілікті шараларды қабылдауға;
  • 6.2.4. пайдаланушының, оның заңды өкілінің немесе уәкілетті органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда дербес деректерді нақтылауға, бұғаттауға немесе жоюға қатысты мәселелерді қарауға.

7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Қолданба иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғау және өңдеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапты болады.

7.2. Қолданба иесі мынадай жағдайларда құпия ақпараттың жоғалуы немесе жария етілуі үшін жауапты болмайды:

  • 7.2.1. оны жоғалту немесе жария ету сәтіне дейін жалпыға қолжетімді болған;
  • 7.2.2. үшінші тұлғадан заңды негіздерде алынған;
  • 7.2.3. пайдаланушының келісімімен жария етілген;
  • 7.2.4. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылуға тиіс болған.

8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Осы Құпиялылық саясатын орындауға байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

8.2. Дауды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.

9. Қосымша шарттар

9.1. Қолданба иесі Пайдаланушының алдын ала келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Құпиялылық саясатының жаңа редакциясы, егер оның жаңа редакциясында өзгеше белгіленбесе, Қолданбада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясы Пайдаланушыға Қолданбаның интерфейсінде немесе онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен қолжетімді болуы тиіс.

10. Деректерді үшінші тұлғаларға және деректерді өңдеушілерге беру

10.1. Қолданба иесі Пайдаланушылардың дербес деректерін сатпайды.

10.2. Деректерді үшінші тұлғаларға беру тек Қолданбаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, заңнама талаптарын орындау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жүзеге асырылады.

10.3. Қолданбаның функционалына қарай деректер алушылардың мынадай санаттарына берілуі мүмкін:

  • инфрақұрылым және хостинг қызметтерін жеткізушілерге (серверлерді орналастыру және техникалық сүйемелдеу);
  • аналитика және жұмысқа қабілеттілікті мониторингтеу қызметтерін жеткізушілерге (техникалық диагностика жүргізу және сервистің сапасын жақсарту);
  • уәкілетті мемлекеттік органдарға — тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен;

10.4. Барлық тартылған деректерді өңдеушілерге қатысты дербес деректерді қорғаудың шарттық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралары қолданылады.

11. Деректерді сақтау, жою және есептік жазба

11.1. Дербес деректер өңдеу мақсаттарына қол жеткізу, шарттық міндеттемелерді орындау және заңнама талаптарын сақтау үшін қажетті мерзімнен артық сақталмайды.

11.2. Пайдаланушы [support@codo.kz](mailto:support@codo.kz) электрондық поштасына хаттың тақырыбын **«Ainalayin.kz аккаунтын жою»** деп көрсетіп, өтініш жолдау арқылы өзінің аккаунтын және онымен байланысты дербес деректерді жоюды сұратуға құқылы.

11.3. Өтініш берушінің өкілеттіктері тексерілгеннен кейін сұраныс қаралады. Деректерді жою, Қолданба иесі заңнамаға сәйкес сақтауға міндетті деректерді қоспағанда, ақылға қонымды мерзімде, әдетте 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін жүзеге асырылады.

11.4. Аккаунт жойылғаннан кейін Қолданбаның жекелендірілген функцияларына қолжетімділік тоқтатылады.

12. Деректердің арнайы санаттары және құрылғы рұқсаттары

12.1. Қолданба Қолданбаның функциялары шеңберінде құжаттарды/фотосуреттерді жүктеуге және өңдеуге байланысты пайдаланушы сценарийлері үшін ғана камераға және құрылғыдағы кескіндерге қол жеткізуге рұқсат сұрауы мүмкін.

12.2. Тиісті рұқсаттарға қолжетімділікті Пайдаланушы Android жүйесінің жүйелік диалогтары арқылы ерікті түрде ұсынады және бұл рұқсаттарды құрылғының баптауларында қайтарып ала алады.

13. Құпиялылық мәселелері бойынша байланыс ақпараты

13.1. Дербес деректерді өңдеуге, деректер субъектісінің құқықтарын жүзеге асыруға, аккаунтты жоюға және құпиялылыққа байланысты өзге де мәселелер бойынша Пайдаланушы мына электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласа алады: [support@codo.kz](mailto:support@codo.kz).

Беттің жоғарғы бөлігіне өту ↑